Өтінім беру
«Мүмкіндік» жобасына өтінім беру нысаны
«BI Juldyzai» корпоративтік қоры BI Group холдингі тарапынан 2004 жылы ерекше қажеттіліктері бар балаларға әлеуметтік және медициналық қолдау көрсету мақсатында құрылған.
«Мүмкіндік» жобасы — бұл қордың бағдарламасы, оның мақсаты балаларды шетелге шықпай-ақ, әлемнің жетекші мамандары жүргізетін жоғары технологиялық операциялар мен консультацияларға қолжетімділікпен қамтамасыз ету.
Бағдарлама аясында қор Қазақстанға шетелдік жетекші дәрігерлерді шақырып, олар сирек және ауыр диагноздары бар балаларға консультациялар мен күрделі операциялар жүргізеді, сондай-ақ қазақстандық дәрігерлерді оқытады.
Қазіргі таңда жоба келесі медициналық бағыттар бойынша жүзеге асырылуда:
- кардиохирургия,
- ортопедия,
- эндовидеохирургия.
Жобаға қатысу үшін өтінім нысанын толтыру қажет.
Қор мамандары сіз ұсынған мәліметтерді мұқият қарап, балаңызға қандай көмек көрсетуге болатынын анықтайды.
Егер балаңызға басқа медициналық бағыт бойынша консультация немесе операция қажет болса, сіз де өтінім бере аласыз. Ұсынылған ақпарат қарастыруға қабылданып, жобаның алдағы жоспарлары мен бағыттарын кеңейту кезінде ескеріледі.
Mumkindik («Мүмкіндік») жобасына дәрігерлерге арналған өтінім нысаны
BI Group холдингі тарапынан 2004 жылы құрылған BI Juldyzai корпоративтік қоры Қазақстанда жоғары технологиялық медицинаны дамытуға және ауыр әрі сирек диагноздары бар балаларды әлемнің жетекші мамандары жүргізетін консультациялар мен операцияларға қолжетімді етуге бағытталған «Мүмкіндік» жобасын жүзеге асырады.
Жоба аясында Қазақстаннан және басқа елдерден келген дәрігерлер шақырылған менторлар өткізетін мастер-кластарға қатыса алады. Мастер-класқа қатысу және сертификат алу үшін төмендегі өтінімді толтыру қажет.
























































