Жоба туралы

«Мүмкіндік» жобасы 2013 жылдан бері жұмыс істеп келеді және Қазақстанда балалар хирургиясын дамытуға бағытталған.
Біз шетелдің жетекші мамандарын күрделі операциялар жүргізу, шеберлік сабақтарын ұйымдастыру және қазақстандық дәрігерлерді оқыту үшін шақырамыз.
Бұл тек сирек әрі күрделі аурулары бар балаларға көмек қана емес, сонымен қатар елдің медициналық тәжірибесіне озық әдістемелерді енгізудің мүмкіндігі

Консультациялар мен диагностика
балалар жоғары дәлдіктегі диагностика мен кәсіби медициналық қорытындыға қол жеткізеді
Мамандарды
оқыту

қазақстандық хирургтерге арналған шеберлік сабақтары, тәжірибе алмасу және білім беру

Хирургиялық
көмек
бұрын Қазақстанда қолжетімсіз болған бірегей операцияларды жүргізу
Ұзақ мерзімді
даму

біздің мақсатымыз – бір реттік операциялармен шектелмей, дәрігерлерді тұрақты даярлау жүйесін қалыптастыру және жаңа технологияларды енгізу

12 жыл ішінде біздің жетістігіміз

«MUMKINDIK» жобасын ерекше ететін не?

Медицинаны өзгертетін озық технологиялар – Қазақстанда бұрын қолжетімсіз болған әдістерді енгізу
Әлемдік деңгейдегі үздік хирургтер – операциялық залдарда және аудиторияларда қазақстандық мамандарға тәжірибе мен білім беру
Балалар мен олардың отбасыларына толықтай тегін көмек – барлық шығындарды біз өз мойнымызға аламыз

Қазақстанда алғаш рет орындалған күрделі операциялар:

  • Артрогриппозбен ауыратын балаларда төс бұлшықетін бицепс орнына ауыстыру.
  • Дюшен-Эрб перзентханалық сал ауруымен ауыратын балаларда трапеция бұлшықетін дельта бұлшықеті орнына ауыстыру.
  • 3 жасқа дейінгі балаларда туа біткен қол кемістіктерін хирургиялық емдеу.
  • Голень сүйегінің жалған буынын емдеуде Fassier-Duval телескопиялық өзектерін және D. Paley әдістемесін қолдану (34 операция жасалды, 39 өзек орнатылды, бағдарлама жалғасуда – 2025 жылы тағы 17 операция жоспарланған).
  • Эбштейн аномалиясында үш жақты қақпақты конустық пластика жасау.
  • Жүректің көпше рабдомиомаларын алып тастау.
  • Тетрада Фалло ауруын радикалды түзету және өкпе артериясының қақпағын протездеу.
  • Ауыр ортопедиялық патологиялары бар жасөспірімдерге жамбас буынын эндопротездеу
«Мүмкіндік» жобасының арқасында балалар толыққанды өмір сүруге мүмкіндік алады, ал қазақстандық медицина күрделі ауруларды диагностикалау мен емдеудің жаңа мүмкіндіктеріне ие болады.
 Біз озық хирургиялық әдістемелердің Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің бір бөлігі болатынындай жағдай жасаймыз.
«Мүмкіндік» — әр бала үшін болашаққа мүмкіндік
Scroll to Top