БАЛАЛАРДЫҢ ОҚИҒАЛАРЫ

Әрбір жағдай — жай ғана операция емес, жаңа өмірдің бастауы.

Біз заманауи технологиялардың, жоғары білікті хирургтердің және қордың қолдауының арқасында сауығу жолында қиындықтарды еңсерген балалардың оқиғаларымен бөлісеміз.
 Бұл оқиғалар бізді одан әрі дамуға, медицинаның мүмкіндіктерін кеңейтуге және балаларға ауыртпалықсыз, шектеусіз өмір сүруге мүмкіндік сыйлауға шабыттандырады. «MUMKINDIK» жобасының арқасында өмірі өзгерген балалардың оқиғаларын оқып, көріңіздер
К.В. Жердев
Ментор
Күрделілік деңгейі өте жоғары болды. Бұл жолы да біз сирек кездесетін патологиялардың бірі — балтыр сүйегінің туа біткен жалған буыны бойынша балаларды емдеу бағдарламасы аясында бірнеше операция жасадық. Бұл жолы жағдай ерекше қиын болды, өйткені балалардың басым бөлігі бұрын да бірнеше рет операциялардан өткен, сондықтан сүйектің біту әлеуеті айтарлықтай төмендеген. Керісінше, оларда қабыну процестері, сүйектің бітпеуі және басқа да асқынулар қаупі өте жоғары. Әрине, бұл мастер-класс өте қызықты болды, бірақ сонымен бірге өте көп күш пен физикалық шыдамдылықты талап етті. Алайда, шүкір, Агабек Алібекұлының басшылығымен жұмыс істейтін команда үйлесімді, бір мақсатқа жұмылып жұмыс істей алады. Осы бірлескен жұмыс кезеңінде біз одан да жақынырақ ұжым болып қалыптастық деп ойлаймын, себебі әр операция – көп сағатқа созылатын, барынша шоғырлануды…
Жантастың оқиғасы
Жантастың анасы
Алла осындай дәрігерге жолықтырғаны на Аллага мың шүкір Жұлдыздай фондына алғысым шексыз. Мені сыздер Мүмкіндік жобасына іліктініздер дегенде куанышымда шек болмады .. Себебы Жатсам тұрсам тек ұлыма Алладан шипа сұрайтынмын. Алла тілегім ды қабыл етті. Мен Мұратбек Жантастың анасымын. Дерт менде, дауа іздегенде дәрігерге жүгінетініміз анық. Балам өмірге келгенде осы сынақпен туылды. Ата-ана баласының ауру азабын тартқан сәтте, ақ халатты жандардың еңбегі өлшеусіз ғой. Мұндайда уайымға толы жүрекке сабыр сыйлайтын, күдікті сейілтіп, үмітті қайта жандырып, аурудан айықтыру үшін бар күш-жігерін аямайтын, қолы алтын, жүрегі нұрлы ақ желеңді абзал жандарға қандай мақтау сөз айтсаңыз да артық етпейді. Қазақта «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген аталы сөз бар. Балама нақты диагнозды Агабек Алибекович қойып берді…
Оқиға
Ата-анасы
Қызым 14 жыл бойы туа біткен аяқтың екіжақты шығуына байланысты көптеген қиындықтардан өтті, алты ауыр ота жасатуға тура келді. Біздің күресіміз Тараз қаласында басталды, онда ол оң аяғына төрт, ал сол аяғына екі ота жасатты. Алайда, алда бізді одан да күрделі ота күтіп тұрды, сондықтан дәрігерлер бізге Астанаға баруға кеңес берді. Мұнда, Израильдік профессордың жетекшілігімен, «Жұлдызай» қорының «Мүмкіндік» бағдарламасының арқасында, біздің отбасымыз жаңа үміт пен сенімге ие болды. Бұл жол қиын болды, бірақ дәрігерлердің қолдауы мен кәсібилігінің арқасында біз қызымыздың жарқын болашағына сенеміз.
Ратмирдің оқиғасы
Ратмир
Сәлем, баршаңызға! Мен – Ратмир, 12 жастамын, және өз оқиғаммен бөліскім келеді. Мен «Жұлдызай» орталығы ұйымдастырған «Мүмкіндік» бағдарламасының бақытты қатысушысымын. Осы бағдарлама аясында маған аяғыма штифт қойылды, ол енді менің өмірлік сенімді серігіме айналды. Бұл – нағыз ғажайып! Өйткені осы штифттің арқасында мен көптеген күрделі оталардан құтылып, толыққанды өмір сүре аламын. Ең кереметі – ол менімен бірге өседі, сондықтан ешқандай шектеулерді сезінбеймін. Ота жасалған сәттен бастап өзімді керемет сезіндім! Қазір мен өз қатарластарым сияқты мектепке барып, спортпен айналысып, футбол ойнап, жүгіріп, тіпті алғаш рет дискотекаға бардым. Баршаңызға айтарым – ешқашан берілмеңіздер, жақындарыңыз бен мамандарға сеніңіздер, тек алға жылжып, өз күшіңізге сеніңіздер! Осы ота үшін, әсіресе оның тегін жасалғаны үшін, шексіз алғысымды білдіремін! – Ратмир, мақтанышпен және алғыс сезімімен.
Ташаның оқиғасы
Ташаның анасымын
Мен – Ташаның анасымын. Қызым екі қолының кемістігімен дүниеге келді. Өткен жылы бір қолына екі ота жасалды. Бүгін сол қолына екінші кезеңдік ота жүргізілді. Барлығы, Аллаға шүкір, сәтті өтті. Мен Ресейден келген ментор-дәрігерлерге шексіз ризамын. Қазір қызым бәрін өзі ұстай алады: қаламды да, қасықты да, өзі жазады. Бұрын мұның бәрі оған мүмкін емес еді. Енді тіпті екінші қолын да аппаратқа жақындатуға тырысып жүр. Біз оған қолын қалай пайдалануды түсіндірдік, және ол бар ынтасымен үйренуге талпынуда. Қазір алғашқы қолын сенімді түрде қолдана бастады, Аллаға шүкір, барлығы жақсы. «Жұлдызай» орталығы біз үшін үлкен қолдау мен білім ордасына айналды.
 Жиналған қаражат, көмек және қарапайым адамдардың бізге деген қолдауы үшін шексіз алғысымды білдіремін. Сіздерге көп рақмет!
Ақботаның оқиғасы
Мама Акботы
2019 жылы көптік артрогрипоз диагнозы қойылған қызымдың емделу жолы басталды. Дәрігерлер жасаған ота бізге үміт сыйлағанымен, сауығу жолы оңай болған жоқ. «Жұлдызай» қоры мен жомарт демеушілердің арқасында баламыздың жарқын болашағына үмітіміз және сеніміміз пайда болды. Міне, осы қолдаудың арқасында балапанымыз әр күніне қуанып, армандаған күніне жетіп, әр қадамы жеңіске айналды. Шетелге шықпай-ақ, өз жерімізде, өз үйімізде емделу мүмкіндігінің барына ризамыз. Бұл тағдырдың бізге сыйлаған нағыз сыйы шығар. Осы қиын жолда бізбен бірге болған, сауығып кету үмітін және мүмкіндігін сыйлаған әр адамға шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Сіздердің қолдауларыңыз бізге көптеген сынақтарда тірек болды. 
Scroll to Top